A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

М.Мәметова атындағы № 28 мектеп-лицейде волейбол жарысы өтті

М.Мәметова атындағы № 28 мектеп-лицейде волейбол жарысы өтті

            2018 жылы 14 ақпан күні М.Мәметова атындағы № 28 мектеп-лицей қабырғасында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы - Заңғар Жаркешовті еске алу мақсатында волейболдан қорытынды сайыс өткізілді.

            Жаркешов Заңғар Асханұлы – Кеңестік және қазақстандық волейболшы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, № 28 мектеп-лицейдің түлегі. «Буревестник» волейбол командасының капитаны, спорттық шаралардың ұйымдастырушысы. Заңғар Жаркешов басқарған команда 1966 жылы Жалпы кеңестік Универсиадада чемпион болды. Заңғар Асханұлы ҚР Білім Беру саласында қызмет атқарды, Республикалық Дене тәрбиесі және Спорт Басқармасының бастығы болды. 1995 жылдан бастап өмірінің соңына дейін «Жастар» спорттық қоғамының Республикалық дене тәрбиесі кеңесінің төрағасы болды. Волейболдан қазақстандық алғашқы чемпиондарды дайындады, Еуропа чемпиондарын, жасөспірімдер арасында әлем чемпиондарын тәрбиеледі. «Дорожник» республикалық волейбол клубының негізін қалады, волейбол бойынша оқулықтар жазды. Заңғар Жаркешов тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылған.

            Қорытынды сайысқа Медеу ауданы мектептерінің арасынан 6 команда, лицей мұғалімдері және лицейдің түлектері қатысты. Іс-шара ҚР-ның туын кіргізу мен әнұранын орындаудан басталды. Шараның ашылуы мен жабылуына мектеп-лицей оқушылары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін паш етті.

            Салтанатты шараға құрметті қонақтар да қатысты:

- Мұқанова М.С. – «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалының бірінші орынбасары.

- Аширбаева М. С. – Медеу аудандық Білім Бөлімінің бас маманы.

- Амербекова С.А. - Медеу аудандық спорт және дене тәрбиесі жөніндегі әдіскері.

- «Хабар» телеарнасының, «Егемен Қазақстан» газетінің журналистері, («Дружные ребята» газетінің тілішісі, фото-корреспонденті).

            Жарыстың қорытындысы бойынша орындар төмендегідей тағайындалды:

І орын – Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясы;

ІІ орын – М.Мәметова атындағы № 28 мектеп-лицейі;

ІІІ орын - № 33 мектеп-лицейі;

Барлық команда мүшелері төсбелгілер мен дипломдармен марапатталды.

Жарыс ынтымақты және жылы қарым-қатынаста өтті.

14.02.2018