A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Алматы қаласының Медеу ауданында «Қазақстан Барысы» турнирінің ІІіріктеу кезеңі өткізілді.
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласының Медеу ауданында «Қазақстан Барысы» турнирінің ІІіріктеу кезеңі өткізілді.

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Медеу ауданы әкімінің аппараты «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» дәстүрлі республикалық турнирінің II-ші іріктеу кезеңін өткізді.

Ұлттық рухымызды асқақтатып, төл спортымызды төрге шығарған «Қазақстан Барысы» жобасын іске асыру мақсатында өткізілген балуандар жарысына күрес өнерінің қыр-сырын жетік меңгерген 13 балуан қатысып, «Медеу ауданының Барысы» атағына таласты.

Бәсі жоғары бәсеке Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті мен Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, 18 жастан жоғары ересектер арасында +90 келі, яғни абсолюттік салмақ категориясы бойынша өткізілді.

«Күш атасын танымас»,- демекші күресшілер 4 сағат бойы боз кілемде өзара сынасқан жарыста, жүлделі үшінші орынды – Барах Мейрамбек, екінші орынды – Бабаев Ахмад, ал қарсыластарын алыпта, шалыпта жыққан Төлемісов Амангелді  «Медеу ауданының Барысы» атанды. 


01.05.2017