2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ұлы Дала туы мәңгі желбіресін!» атты мерекелік концерт

«Ұлы Дала туы мәңгі желбіресін!» атты мерекелік концерт

     2016 жылдың 13 желтоқсанында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Ұлы Дала туы мәңгі желбіресін!» атты мерекелік концерт өтті.

     Салтанатты жиынға Медеу ауданының әкімі Е.Ж.Жылқыбаев, ҚР ақпарат және коммуникация вице-министрі А.Әжібаев, ауданның құрметті тұрғындары, қызмет басшылары және кәсіпорын қызметкерлері, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің өкілдері де қатысты.

     Бұл жиында аудан әкімі Ержан Жұматұлы Жылқыбаев пен ҚР ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Ғазизұлы Әжібаев сөз сөйлеп, жиналған қауымды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен құттықтады.

    Сонымен қатар, шара барысында Ержан Жылқыбаев Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарды «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен  марапаттады.

    Филармония сахнасында Майра Илясова, Қайрат Нұртас, Олег Никитин және басқа да  әншілер өздерінің ұмытылмас әндерін шырқады. Сонымен қатар, қонақтарды Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» ансамблі өз әндерімен баурап алды. Кешке жиналған қауым көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған өнерпаздарға  ықыласпен қол соқты.

      Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы мұрат жоқ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні бүкіл қазақ елін мекендейтін халық үшін ұлы мереке.  Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, 25 жыл ішінде Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуда орасан зор жетістіктерге жетіп, дүниежүзі мемлекеттерінің мойындауына ие болып отыр. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастық мемлекетімізді қоғамдық келісім орныққан, тұрақты дамудағы мемлекет ретінде танып отыр. 


13.12.2016