A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан зейнеткерлеріне тегін жолдамалар беруге арналған салтанатты іс-шара

Аудан зейнеткерлеріне тегін жолдамалар беруге арналған салтанатты іс-шара

Алматы қаласы тұрғындарының 12 пайызын зейнеткерлер құрайды. Ал, Медеу ауданында тіркелген зейнет жасындаға тұрғындар саны 27 266 адам. Қала бойынша зейнеткерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 75,9 жас және бұл еліміздегі өзге өңірлермен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты «Белсенді ұзақ өмір» қалалық бағдарламасын іске асырудың аясында және қарттар айлығына байланысты ауданның қарт тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуге арналған кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда.

Нақты айтқанда, жыл басынан бері зейнеткерлерге тегін тіл курстары, қаланың көрікті орындарына саяхат, таңғы қара жорға биі мен фитнес жаттығу сынды іс-шаралар ұйымдастырылып, аталған шаралармен 2000 –ға жуық адам қамтылды.

Зейнеткерледің өмір сүру ұзақтығын арттырудың бір жолы - спорт нысандарының қол жетімділігін арттыруы арқылы егде жастағы азаматтарды бұқаралық спортпен белсенді шұғылдануға баулу болып табылады.

2018 жылдың 3 қазан күні Қонаев к-сі, 43 үй, 3 қабат мекен-жайында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты «Банзай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе отырып, аудан зейнеткерлеріне «Банзай» жаттығу залына тегін жолдамалар беруге арналған салтанатты іс-шара өткізді. Қайырымдылық акциясының жалпы сомасы 2 млн.теңгені құрайды.

Әлеуметтік маңызға ие бұл шараға Медеу ауданы әкімі аппаратының басшылығы, Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің белсенділері мен аудан зиялылары, сондай-ақ спорт қауымдастығының өкілдері қатысты.

03.10.2018