A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру арқылы ауданда орналасқан қолданыстағы спорт алаңдарының бұқара халыққа қолжетімділігін арттыру және олардың санын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстарды іске асырып келеді. 

Бір ғана 2016 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жеке инвесторлар есебінен 320 млн. теңгеден астам сомаға 15 спорт алаңдарының құрылысы жүргізіліп, ел игілігіне  берілді.  

Осы бағыттағы жұмыстар 2017 жылы да өз жалғасын тауып, жыл соңына дейін потенциалды инвесторлар есебінен кем дегенде 10 спорт алаңын салу жоспарлануда.

2017 жылдың 20 сәуіріндеМедеу ауданы,  Самал ықшам ауданы, Меңдіқұлов көшесінің бойында (Қажымұқан және аль-Фараби көшелерінің ортасында) жаңа спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға  Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев, спорт ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты. Шара аясында Медеу ауданы әкімінің кубогы үшін мектеп оқушылары арасында футболдан жарыс өткізілді.

Құрамына футбол, баскетбол, стрит воркаут және балалар алаңдары енетін аталған спорт алаңы Ы.Алтынсарин атындағы                                       № 159 гимназияның түлегі, Медеу ауданынан шыққан танымал кәсіпкер  Кажығали Төлешовтің жеке қаражаты есебінен салынып, қолданысқа беріліп отыр. Салынған инвестиция сомасы – 21 млн. теңге. Жаңадан құрылған жұмыс орындарының саны – 5. 



20.04.2017