2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет және қоғам қайраткері Төлеубек Әбдіқадыровтың құрметіне ескерткіш-тақта орнатылды
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет және қоғам қайраткері Төлеубек Әбдіқадыровтың құрметіне ескерткіш-тақта орнатылды

2015 жылы 11 желтоқсанда Алматы қаласы мен Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Төлеубек Әбдіқадыровтың құрметіне орнатылған ескерткіш-тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мекен-жайы: Жібек жолы көшесі 72 үй, Абдуллиндер көшесінің қиылысы.

Шараға Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары З.Аманжолова және қала әкімшілігінің қызметкерлері мен Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, қала мен ауданның Ардагерлер кеңесінің мүшелері, тұрғындар және батырдың жақындары қатысты.

Төлеубек Әбдіқадыров(08.02.1940-08.10.2009) – мемлекет және қоғам қайраткері.

1940 жылы 8 ақпанда Тәжікстан СРО, Ленинабад облысы,  Гиссар ауданы Канака ауылында дүниеге келген. 1941 жылы әке-шешесінің отбасы Жамбыл облысының Сарысу ауданына көшіп келген. 1961 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітіріп, экономист-қаржыгер мамандығын алды. 1961-73 жылдары Жамбыл облысында қаржы мекемелерінде тексеруші-бақылаушы, Қаратау қаласында және Меркі ауданында қаржы бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1973-97ж. Алматы қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1990- 92 ж. егеменді Қазақстан Республикасының алғашқы қаржы министрі болып істеді. 1997 - 2001 жылдары Алматы облыстық қаржы басқармасының бастығы болды.

2009 жылы 8 қазанда 69 жасында дүниеден өтті.


11.12.2015