2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ұлт тірегі - Елбасы» атты мерекелік іс-шара

«Ұлт тірегі - Елбасы» атты мерекелік іс-шара

1 желтоқсан Тәуелсіз Қазақстан халқы үшін айырықша  мереке. Бұл күн - әлем тарихында тәуелсіз Қазақ елінің іргетасын қалап, шекарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар сілтеген Елбасының халық алдындағы ұшан-теңіз еңбегіне көрсетілген құрмет ретінде белгіленген Тұңғыш Президент күні.

2016 жылдың 1 желтоқсанында Оқушылар сарайының үлкен концерт      залында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлт тірегі - Елбасы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара аясында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне арналған қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, іс-шара қатысушыларына қазақстандық эстрада жұлдыздары мен аудандық өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.

Мерекелік іс-шараға соғыс және еңбек ардагерлері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, білім, денсаулық сақтау, күш құрылымдарының қызметкерлері, аудандық ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындардың өкілдері, ел экономикасына еңбек сіңірген аудан зиялылары мен тұрғындар қатысты. 


02.12.2016