2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Енді алматылықтар төтенше жағдай туралы бірден біле алады
Енді алматылықтар төтенше жағдай туралы бірден біле алады. 

Жоба Smart Almaty концепциясын іске асыру аясында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласының даму Орталығы және қазақстандық әзірлеуші- компания «I2NIK» ЖШС-і арқылы іске асырылған.


Мобильді қосымшаны ОС Android және IOS базасында смартфондар мен планшеттер иеленушілері мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктей алады.
«Darmen» қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ-ың ұялы қосымшалар арқылы халықты  хабарлау тәжірибесі қолданылды. Бұл ретте, біздің қосымша бірнеше секундтың ішінде Алматы қаласының маңайында орын алған төтенше жағдайлардың /дауылды ескерту, жер сілкіну және т.б./ туындау қаупі мен пайда болуы туралы халықты хабардар етуге мүмкіндік береді.


Қаланың ТЖД-і «Қазгидромет» және Сейсмологиялық эксперименттік-әдістемелік экспедиция қызметтерінен жедел деректерді алғаннан кейін хабарландырулар жасайды. Ары қарай, Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекші деректерді жүйеге енгізіп, push қосымшасын қолданатын желі пайдаланушыларына тез арада хабарландыру арқылы жібереді.
Ұялы қосымшалар сынақтан өтілді және алдында қолданылған SMS-хабарламамен салыстырғанда хабарландыруларды тез жеткізу бойынша жоғары тиімділікті көрсетті.


Аталған қосымшаны дүкендерден App Store, PIay Market мобильді телефондар қосымшасы үшін «Darmen» -деген атпен жүктеуге болады. 
Алматы қаласы ТЖД
Медеу ауданының төтенше жағдайлар бөлімі


03.02.2020