A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Star of Asia» музыкалық фестиваль басталмақ

 «Star of Asia» музыкалық фестиваль басталмақ

     Алматы қаласы күніне орай, 19-20 тамызда «Медеу» мұз айдынында алғаш рет халықаралық «Star of Asia» фестивалі өтеді.  Азияның әр бағыттағы атақты әншілері алматылықтарға арнап хип-хоп, классикалық, rnb-дан  инди-поп-қа дейін және роктан тұратын нағыз мерекені уәде етеді.  

    «Медеу» мұз айдынына Қытайдан, Түркиядан, Жапониядан, Оңтүстік Кореядан, Үндістаннан және т.б. атақты орындаушылар келмек. Олардың арасында оңтүстік кореялық К-рор «U-KISS» тобы, Үндістандық әнші Sanah Moisutty, түрік жұлдызы  Murat Boz бар. Шетелдік әншілермен бірге екі күн ішінде қазақстандық әншілер: Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Қайрат Нұртас, Мәдина Садуақасова, Ұлытау, Маржан Арапбаева, Дос Мұқасан, Renzo, Atumi, Зарина Алтынбаева, Айқын, Әдемі және басқалар өнер көрсетеді.

       Билеттерді «Kassir.kz» сайтынан алуға болады. 7 тамыздан бастап фестиваль билеттері «Меломан» желісі мен Республика сарайының кассаларында сатылады. 10 тамыздан бастап билеттер сатылымын «Chocolife.me» сайтында шығарады.  

07.08.2017