A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудандық Ардагерлер кеңесі Елбасы Жолдауын талқылады

      2017 жылы 3 наурызда Медеу ауданы әкім аппаратының мәжіліс залында Елбасының  Жолдауын талқылау бойынша аудандық Ардагерлер кеңесінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында дөңгелек үстелі болып өтті. Шараға Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Серікбаев, аудандық ардагерлер акиві мен жергілікті өзін өзі басқару комитетінің төрағалары қатысты.

       Шара барысында техника ғылымының кандидаты, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, профессор Б.Жүнісбеков баяндама жасады.  Ол өз баяндамасында Елбасы Жолдауын түсіндіре келіп, оның орындалуына атсалысатынын айтты.

       Сонымен қатар, Ардагерлер кеңесінің мәдени, бұқаралық қатынас және БАҚ байланыс бойынша аудандық комиссияның төрайымы Қ.Бурабаева өз баяндамасында «Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында жаңару мен жаңғырудың даңғыл жолына түскен Қазақстан ширек ғасырдың ішінде бүкіл әлемге қуатты, дамыған, ынтымағы жарасып, ырысы артқан мемлекет ретінде танылды.  Ендігі кезекте әрбір қазақстандық осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуі қажет екенін түсіндіріп өтті.

  - «Ардагерлер Кеңесінің ақпараттық-насихаттау топтары Жолдаудың әрбір тармағын, негізгі басымдықарын, оны жүзеге асыру механизмдерін және алға қойылған мақсаттарды ардагерлер арасында сауатты, анық, шынайы түсіндіру қажет. Ол үшін насихаттаушыларға жадынамалар мен тиісті материалдарды әзірлеу қерек. Мен Жолдауды толық қолдаймын. Себебі, Жолдау біздің жарқын болашағымыздың, өсіп-өркендеуіміздің, гүлденуіміздің кепілі»,-деді Қ.Бурабаева.

 Жиын соңында Ардагерлер кеңесі Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.


03.03.2017