A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Білім беру ұйымдарының басшыларымен өткен жиын

      2017 жылы 29 тамызда №168 мектепте аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен аудандағы білім беру ұйымдары басшыларымен кездесуі болып өтті. Кездесуге аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Сапарова, әкімнің орынбасары Ғ.Майлыбаев, мектеп директорлары мен салалық мекеме басшылары қатысты.

      Кездесу барысында аудан басшысы Ержан Жылқыбаев ұстаздарды жаңа 2017-2018 оқу жылының басталуымен және ҚР Конституция күнімен құттықтады.

       Медеу аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ағайша Сапарова мектептердің 2016-17 жылдардағы оқу жылының қорытындысы мен 2017-2018 жаңа оқу жылына дайындығы туралы хабарлама жасады. Сондай-ақ, №161 мектеп директоры Р.Сұраншиева «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясындағы заманауи мектеп үлгісі, болашақ дамуы мен үрдістері» баяндамасымен, №35 мектеп директоры О.Прокопьева «Мектептен тыс тәрбиемен тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту» баяндамасымен сөз алды.

29.08.2017