A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудандағы ЖОО мен АООО-мен жиналыс

  2017 жылы 4 наурызда Медеу ауданы әкім аппаратының мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы мен «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай, аудан аумағында орналасқан жоғары оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындарымен жиналыс болып өтті.

   Жиынға аудандағы ЖОО мен АООО-ның проректорлары мен директорлары және Медеу аудан әкімінің орынбасары Ғ.Майлыбаев, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Ерманова қатысты.

    Жиынның күн тәртібінде оқу орындарда ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы мен «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына байланысты атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар жайлы қаралды.

    Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев ашты.  «Өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы мен «Алаш» қозғалысының 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

    Мемлекеттік рәміздер – еліміздің азаматтарының патриоттық сезімін арттыруға, тарихи құндылықтарын терең түсінуге, ұлттық санасын шыңдауда маңызы зор екендігі баршаңызға белгілі. Сондықтан да, бүгінгі бас қосуымызда күн тәртібіндегі алғашқы көтерілетін мәселе осы болмақ,» - деді Ғ.Майлыбаев.

    Шара соңында оқу орындарында  аталған даталарға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар тыңдалып, аталған шараларды лайықты дәрежеде өткізу жөнінде сөз қозғалды. 



04.04.2017