A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалық етуімен жиналыс

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалық етуімен жиналыс

     2018 жылы 2 наурызда Медеу ауданы әкім аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалық етуімен жиналыс болып өтті. Жиналысқа «Вертикаль Казахстан» ЖШС сәулетшісі, Алматы қаласы мен Медеу ауданының жұмыспен қамту орталықтарының мамандары, Алматы қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалының менеджері және басқалар қатысты.

      Жиын барысында Медеу ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімді ортаны бақылауда әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын инвентаризациялауды (төлқұжаттау) ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ 2017-2021 жылдарға жаппай кәсіпкерлік және еселі жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын түсіндіру жөніндегі мәселелер көтерілді.

      «Бүгін біз аудандық әлеуметтік инфрақұрылымдардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімділігін арттыру бойынша жиналып отырмыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауы аясындағы еліміздің мемлекеттік саясатының басты басымдықтары адам капиталын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсатта жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалар ең алдымен жұмыспен қамтуды сақтау, табыс деңгейін арттыру, халықтың аса әлсіз санатын әлеуметтік қорғауға бағытталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу, оларға қамқорлық көрсету – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бұл ретте мемлекеттік органдарға мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен жұмысты күшейткені маңызды», - деп атап көрсетті әкім орынбасары Ғани Майлыбаев.

    Отырыс аясында «Вертикаль Казахстан» ЖШС сәулетшісі Петр Владимирович, Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының маманы Айнакулова Нурлыкыз Сейданкызы, Алматы қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалының менеджері Оралтаева Лаура Сериктайкызы сөз алды.

     Инвентаризациялаудың мақсаты анық және толық ақпаратты анықтау, әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарды мүгедектерге арналған қолжетімді деңгейде бағалау, сонымен қатар мүгедектердің қажеттілігі үшін сәулетті ортада қалыптастыру болып табылады.

02.03.2018