A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалық етуімен жиын өтті

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалық етуімен жиын өтті

        2018 жылдың 10 тамызында Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалық етуімен, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын түсіндіру жөнінде жиын өтті. Жиынға жоғары оқу орындары, бизнес, аудандық медициналық ұйымдар, жеке бала-бақшалар өкілдері қатысты.

          Шара барысында Ғани Майлыбаев жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамыту жөнінде тоқталды.

«Қазіргі таңда, жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және ең алдымен, шағын және орта бизнестің даму жай-күйі мен деңгейіне тәуелді болып келеді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестіктің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері өте зор.

Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлікті қолдау жөнінде жүйелі шаралар қабылдау, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, құзыретті арттыруға жәрдемдесуді, консультациялық қолдау алуды және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер тартуды қамтитын болады, бірақ олармен шектелмейді. орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдармен бірлесіп нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізу. Нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші міндетті – сұранысқа ие кәсіби білікті, дағдыны игерудің тиімді жүйесін құру, жұмыс берушілердің сұранысын ескере отырып мамандар даярлау.

Осыған орай, жұмыс іздеу мен қызметкерді іріктеу бойынша интернет-ресурс базасында (enbek.kz) еңбек нарығындағы бірыңғай сандық алаңды құру жұмыстары жүріп жатыр. Сіздерден талап етілетін мәселе азаматтарды жұмысқа қабылдау барысында міндетті түрде, Жұмыспен қамту орталығынан анықтама талап етулеріңізді сұраймын», - деді аудан әкімінің орынбасары Ғ.Майлыбаев.

10.08.2018