
«2017-2021 жылдарға арналған өндірістік қызметті және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын түсіндіру жөнінде кеңес
2018 жылы 12 қыркүйекте Медеу ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Берік Солтанбаевтың төрағалық етуімен «2017-2021 жылдарға арналған өндірістік қызметті және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын түсіндіру жөнінде кеңес болып өтті.
Іс-шараға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалының өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы, екінші дәрежелі банктердің өкілдері мен сондай-ақ, аудан кәсіпкерлері қатысты.
Күн тәртібінде мемлекеттік қолдау алу кезінде кәсіпкерлерге кездесетін
актуалды мәселелер талқыланды.