A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Состоялся круглый стол на тему: «Роль преподавателей религиоведения в формировании личности школьника»
Дінтану пәндерінен дәріс беретін оқытушылардың қатысуымен дөңгелек үстел

2015 жылы 22 қаңтарда Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежановтың төрағалық етуімен балалар, жасөспірімдер және жастарды заңнамамен тыйым салынған діни бірлестіктерге күштеп тартуға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүзеге асыру мақсатында ауданда орналасқан мектептердің дінтану пәндерінен дәріс беретін оқытушылардың қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге аудан әкімінің орынбасары Д.Айнақұлова, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Сапарова, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Н.Жапарқұл, ауданның бас имамы Т.Жакеев, аудандық ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Н.Бейсенов, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Ерманова және Медеу ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің дін тану пәнінен дәріс беретін оқытушылар және т.б. қатысты.

Жиналысты аудан әкімі С.Мәкежанов ашты. Ол өз сөзінде, қай уақытта болмасын дін қоғамның рухани өмірінің бір бөлігі екендігін айтып өтті. «Елімізде 2009 жылдан бастап орта мектептерде жаңа дінтану факультативтік пәндері өткізіліп келеді. «Дін тану негіздері» факультативінің негізгі мақсаты – дін және діни нанымдар туралы жалпы білім беру, оқушылардың жалпы рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Бұл әрине, жас жеткіншектердің мектеп партасында дін сабағын өткізіп, олардың әртүрлі секталар мен діни ағымдардың арбауына түсіп қалмауларының алдын алудағы мақсат», - деп атап көрсетті аудан басшысы.  

Отырыс барысында аудандық білім бөлімінің басшысы А.Сапарова, №159 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Г.Асамбекова,  ауданның бас имамы Т.Жакеев және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Н.Жапарғұл сөз кезегін алды.

Жиынды қорытындылай келе,  алдағы уақытта да бірлесе оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізіп,  ата-аналар арасында дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, оқушы жастарды мерекелер мен қоғамдық іс-шараларға тарту сияқты жұмыстарды жүргізуге ұсыныстар айтылды. 

22.01.2015