A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданы мектеп түлектерінің ІІ форумы өтті

Медеу ауданы мектеп түлектерінің ІІ форумы өтті

2017 жылдың 11 қазан күні Медеу аудан әкімінің бастамасымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында, «Қазақстан» қонақ үйінің «Grand Ballroom» банкет залында Медеу ауданы мектеп түлектерінің форумы өтті.

Форумның басты мақсаты - еліміздің түрлі саласында қызмет етіп, таңдаған мамандығында белгілі бір жетістіктерге жеткен кешегі мектеп бітірген түлектер мен мектептер арасында өзара байланысын арттыру . Жастармен ұдайы түрде кездесулер ұйымдастыру арқылы, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұрпақтар сабастығын жалғастыру.

Форумға әр жыл түлектері, табысты кәсіпкерлер, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, өнер және мәдениет қайраткерлері, заңгерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, мектеп директорлары, ата-аналар қатысты.

Форумның негізгі спикерлері Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев, «ҚР Еңбек Ері», Алматы қаласының құрметті азаматы, ҚР білім ардагері Аягүл Төреқызы Миразова, композитор, пианист, Халықаралық сайыстардың лауреаты, № 159 гимназияның түлегі Рахат-би Абдысағын, тележүргізуші, актриса, № 12 гимназияның түлегі Майя Веронская болды.

Алдағы уақыттаауданның әр мектебінде Түлектер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, «Ұрпақтар сабақтастығы» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру және тәрбие жұмысын жүргізу үшін аудан мектептерінің түлектерін - бизнес, мемлекеттік құрылымдар, ғылым, мәдениет өкілдерін белсенді тарту. Ал 2017 жылдың қазан айынан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін түлектермен кездесулер кестесін бекіту, Медеу ауданы мектептерінің ең үздік түлектері туралы кітап шығару, әр түрлі мамандық өкілдері қызметіне объективті көзқарас қалыптастыру мақсатында мемлекеттің дамуына белгілі үлес қосқан өндірістік мекемелерге, жекеменшік фирмаларға және басқа құрылымдарға бару арқылы оқушылармен мансаптық бағыттау жұмысын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

         Медеу ауданы Алматы қаласының тарихи және дәстүрлері мықты орталығы болып саналады. Қаламыздағы өткен ғасырдың 20-30 жылдары ашылған ескі және атақты мектептер орналасқан, олар: №28 мектеп-лицейі, №12, 56, № 35, № 4 мектеп-гимназиялары, № 52 жалпы білім беру мектебі. Арасында 20 жыл ішіндегі жаңадан ашылған мектептер бар, тек тәуелсіздік жылдар аралығында Медеу ауданында мектептен 30000 астам түлек шыққан.

          2016 жылы форум алғаш рет өткен болатын. Ал, қазіргі таңда аталмыш форумды өткізу Медеу ауданының жақсы дәстүрлерінің біріне айналды деуге болады.

            Өткен жылы өткен алғашқы форумынан кейін жаңа мектеп алаңдары салынып, ескілері жөндеуден өткізілді, акт залдары жаңартылып, сондай-ақ мектеп жиһаздары, компьютерлер, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. «Ұрпақтар сабақтастығы» акция аясында әр жылғы түлектер жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, өздерінің өмір жолдарын айтып, тәжірибе алмасып, түрлі мамандықтар туралы білуге көмектесті, сұрақтарына жауап берді. Аудан аумағында мектептерде жалпы 74 кездесу өтіп, 6000-нан астам оқушы қатысты.

            Ал, алғашқы форум қорытындысы бойынша 2017 жылдың қаңтар айында түлектер сайты құрылған болатын.

11.10.2017