A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауданда «Babycare» балабақшасы ашылды

Ауданда «Babycare» балабақшасы ашылды

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 8 ақпанда Кастеев   көшесі, 74 үйде орналасқан «BABYCARE» балабақшасының салтанатты ашылуы болып өтті. Балабақшаның жобалық қуаты – 40 орын, инвестиция көлемі- 8 млн.тг, жаңа құрылған жұмыс орны-10.

Балабақшаның ашылу салтанатына Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Медеу аудандық білім бөлімінің бастығы Ағайша Сапарова, ата-аналар мен тәрбиеленушілер қатысты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты - Медеу ауданының аумағында мемлекеттік емес меншіктегі жаңа мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы.

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын жүзеге асыру аясында Алматы қаласы Медеу ауданында мектепке дейінгі білім беру саласындағы орын тапшылығын азайту жолында.

Қазіргі уақытта аймақта 18 мемлекеттік балабақша, 2-ден 7 жасқа дейінгі 49 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер, 17 шағын орталықтар, соның ішінде -6 780 бала тәрбие алып жатыр. Сонымен қатар, 3 және 6 жас аралығындағы ауданда -3372 орын жетіспеушілігі байқалады.

08.02.2018