A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудандағы өнеркәсіп орындарының басшыларымен отырыс

Аудандағы өнеркәсіп орындарының басшыларымен отырыс

2018 жылы 22 ақпанда Медеу ауданы әкім аппаратының мәжіліс залында «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Наурызбековтың басшылығымен аудандағы өнеркәсіп орындарының басшыларымен отырыс болып өтті.

Жиынға Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының өнеркәсіп орындарының қызмет мониторинг бөлімінің басшысы Р.Н.Ворошилов, «Алматы қаласының индустриалды аймағы» ЖШС бөлім басшысы А.А.Таубаев, «Даму» қоры мен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері және Медеу ауданы өнеркәсіп орындарының басшылары қатысты.

Шара барысында өнеркәсіп орындарының индустриалды даму бойынша қызметін үйлестіру, «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» бағдарламасы және мемлекеттік қолдаудың қаржылай және қаржысыз механизмінің ережелері туралы түсіндіру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Алматы қаласының индустриалды аймағының таныстырылымы болып өтті.

22.02.2018