A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалық етуімен кәсіпкерлермен жиын өтті

Аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалық етуімен кәсіпкерлермен жиын өтті

2018 жылдың 9 ақпанда Медеу ауданы әкім аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалық етуімен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кездесу өткізілді.

Кездесуге Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаев, аудан әкімінің орынбасары Б.Наурызбеков, Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Д.Иманқұлова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Алматы қаласыКәсіпкерлер палатасы, банк өкілдері және аудан кәсіпкерлері қатысты.

Өткізілетін іс-шараның мақсаты - Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаны түсіндіру.

Күн тәртібінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы» ережелерін түсіндіру бойынша Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Д.Иманқұлова түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесін дамыту және қолдау бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдаудың қаржылай шамасының шарты мен механизмі жөнінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілі З.Кәрменова сөз алса, мемлекеттік қолдаудың қаржылай емес шарттары мен механизмдері жайлы «Атамекен» КП өкілі А.Шағамбаева қысқаша тоқталып өтті.


Отырыс соңында жиналған бизнес өкілдері кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі сұрақтарға нақты жауаптар алды.

09.02.2018