A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Ауданда жылу энгергиясы мен ыстық су тарифтерінің көтерілуін түсіндіру бойынша жиналыс болып өтті
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауданда жылу энгергиясы мен ыстық су тарифтерінің көтерілуін түсіндіру бойынша жиналыс болып өтті

Ауданда жылу энгергиясы мен ыстық су тарифтерінің көтерілуін түсіндіру бойынша жиналыс болып өтті

2018 жылы 8 ақпанда Медеу ауданы әкім аппаратының мәжіліс залында Алматы қаласындағы жылу энгергиясы мен ыстық су тарифтерінің көтерілуін түсіндіру бойынша жиналыс болып өтті.


Жиынға Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті басшысының орынбасары Б.Қайырбек, Медеу ауданы әкім аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Е.Тлекенов, «Алматы Су» МҚК бас директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары И.Полякова, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС директорының орынбасары М.Бектемірова, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бөлім басшысы А.Ахметшина, «Алматы жылу желілері» ЖШС директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары А.Құнысбеков және аудандағы ПИК төрағалары қатысты.


Шара барысында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті басшысының орынбасары Б.Қайырбек Алматы қаласындағы жылу энергиясына және ыстық су тарифтерінің көтерілу себептерін түсіндіріп өтті. Ол өз сөзінде: «Бүгінгі таңда Алматы жылу желілерінің жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау қызметтеріне тариф 8%-ға артты. Алматы қаласы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 138-НҚ бұйрығына сәйкес Алматы қаласы бойынша жылу энергиясына және ыстық су тарифі бір шама өсті. Тарифтердің өсуі газ бағасының көтерілуіне байланысты. 2017 жылы тариф 1760,86 теңге / Гкал деңгейінде мақұлданды, бұл 2016 жылы тарифтің 5,8% -тен көп, орташа тарифі - 5591,53 теңге / Гкал, бұл 2016 жылға орташа тарифтің 10% -ға көп. 2018 жылы тариф 1863,76 / Гкал деңгейінде бекітілді, бұл 2017 жылға қарағанда 5,8% жоғары, орташа тариф - 6,055,84 / Гкал, бұл 2017 жылға орташа тарифтен 8% артық», - деді.


Отырыс соңында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған таврифке қатысты сұрақтарға мамандар нақты жауаптар берді.

08.02.2018