A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудандағы тұрғын үйлердің 2017-2018 жж. күз-қыс мерзіміне дайындығы жөніндегі жиын

Аудандағы тұрғын үйлердің 2017-2018 жж. күз-қыс мерзіміне дайындығы жөніндегі жиын

        2017 жылы 4 тамызда Медеу аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Мұхаметжановтың қатысуымен аудандық коммуналдық қызмет өкілдері және ауданның ПИК төрағаларымен кезекті кеңесі өтті.

    Жиында тұрғын үйлерді 2017-2018 жылдардың күз-қыс мерзіміне дайындау, көп қабатты үйлердегі жертөлелердің санитарлық жағдайы жөніндегі мәселелер көтерілді.

     Отырыс барысында кооператив төрағаларының жұмыстары бойынша есептері тыңдалды.   

        Кеңес соңында қысқа жылыту жүйелерінің дайындығын күшейту, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінің санитарлық жағдайын қадағалап, үнемі бақылауда ұстау жөнінде  нақты тапсырмалар берілді.

    Медеу ауданында 752 көппәтерлі тұрғын үй аймағындағы  үйлердің қорын ұстап, қызмет көрсететін 146 Пәтер иелері кооперативі жұмыс істейді. Олардың 669 үйі «АлТС» ЖШС қызмет көрсету аймағында, ал 93  көппәтерлі тұрғын үй автономиялы қазандықтарда орналасқан.


04.08.2017