A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен аудан активінің жиыны өтті

Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен аудан активінің жиыны өтті

2018 жылдың 26 қаңтар күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің мәжіліс залында Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің жиыны өтті.

Аталған шараға мемлекеттік органдардың және аудандық құрылым басшылары, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері, ауданымыздағы жоғары оқу орындарының және орта арнайы кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары, өндірістік кәсіпорындарының жұмысшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

      Отырыс барысында аудан әкімі Ержан Жылқыбаев: «Елбасы биылғы Жолдауында белгілеген 10 нақты міндет еліміздің әлемдік төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде жаңа технологиялық дамудан қалыс қалмаудың негізгі тетіктері. Жаңа технологияларды қоғам өмірінде тиімді пайдалана білу біздің негізгі мақсатқа айналуы тиіс.

Осы орайда, ауданымыздың барлық мемлекеттік органдары халыққа сапалы қызмет көрсетіп, Елбасы Жолдауын мүлтіксіз орындауға кірісу керек. Биыл ауданымызда жоспарланған ауқымды жобалар көп. Ол үшін әлеуетіміз де жеткілікті. Ендеше, ел игілігі жолындағы еңбегіміз табысты болсын!»- деп атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры Б.Жапаров, Алматы қаласы Маслихатының депутаты         Ә.Набиев, Алматы қаласы Маслихатының депутаты К.Матыжанов, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің бас директоры Т.Хаиров, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің 3 курс студенті Д. Ділдәбектің баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

Жиын соңында барлық жиынға қатысушылар бірауыздан Елбасының Жолдауын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.


26.01.2018