A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Іскер» орталығының ашылуы

«Іскер» орталығының ашылуы

2019 жылдың 9 тамыз күні, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Зенков, 15 мекен-жайында «Іскер» орталығының ашылуы өтті. Бұл бағдарламаның мақсаты – көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік-осал отбасыларға, мүгедектерге, мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға, жастарға бірден-бір қолайлы орта құру. Жобаның міндеті болып сапалы курстар және бизнес-кейстер құру, сәтті стартаптар ұсыну, үйрету және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, отбасының барлық мүшелерін қатыстыру арқылы қиын жағдайда қалған отбасыларға ақша табу дағдысын үйрету арқылы көмектеседі.

Бүгінгі күні орталық өзінің жұмысын сәтті бастады. Бұл орталықтың үйлестірушісі – көпбалалы ана және «Іскер дамыту орталығы» қоғамдық қорының негізін салушы Жұмагүл Қуатбекқызы. Ағымдағы жылдың 29 шілдесінен бастап курстарға 40 ана қатысады.

Оған қоса орталықта көпбалалы аналарға өз қалауымен келесі 10 бағыт бойынша тегін курстар ұйымдастырылады: тігін ісі, аспаздық ісі, маникюр, бет әрлеу, шаштараз өнері, бухгалтерия, массаж, онлайн-сату бойынша специалист, ағылшын тілі. Бүгінгі күні көпбалалы аналармен әңгіме жүргізіп, аталған мамандық бойынша оқығысы келетін 315 адам жазылды.

Іс-шара барысында балабақшаға көпбалалы аз қамтылған отбасыдан шыққан бір балаға 1 жыл көлемінде тегін түрде қатысуына мүмкіндік беретін аналарға арналып 25 сертификат ұсынылды. Оған қоса, жекеменшік балабақшалардың басшыларына бір балаға тегін түрде қатысуына мүмкіндік беріп көпбалалы отбасыларға қолдау көрсеткені үшін, «Бақытты отбасы» бағдарламасына белсене қатысып, ауданымыздың                  әлеуметтік-саяси өмірінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хат ұсынылды.

Сонымен қатар,«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының аясында Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әміржан Нәбиевтің қолдауымен 44 көпбалалы аз қамтылған отбасыға рюкзак және мектепке қажетті бұйымдар берілді.

Бағдарламаға қатысу үшін орталыққа отбасының барлық мүшелері өтініш бере алады. Жобаның сәтті жүзеге асуына байланысты «Іскер әке», «Іскер апа-ата», Іскер бала» атты таңбалы орталықтардың ашылуы жоспарлануда.



09.08.2019