A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Состоялось открытие  Молодежных ресурсных центров
Ресурстық Жастар орталығы ашылды

2015 жылы 23 қаңтарда Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен қаладағы төрт аудандық әкімшілікте: Алмалы, Медеу, Жетісу және Әуезов аудандарында Ресурстық Жастар орталығының ашылуы болды.

Ресурстық Жастар орталығы жастарға өзін-өзі билеуге, кәсіптік биімделуге және жеке басының жүзеге асырылуына көмек беруге шақырады.

Орталықтың міндетіне азаматтық бастаманы, рухани-адамгершілік, интеллектуалды, шығармашылық және физикалық шамасын дамыту, азаматтық және отаншылдықты нығайту, жастар мәселелеріне диагностика және мониторинг жасау, сондай-ақ жастар ұйымдары жұмыстарының тиімділігін арттыруға әрекет ету жатады.

Ресурстық Жастар орталығының қызметі серіктестік принциптерге, ашықтылыққа, өзара көмек және студенттер мен ауыл жастары, мүмкіндіктері шектеулі және әлеуметтік осал жастардың барлығын жұмысқа жұмылдыруға негізделеді.

Сондай-ақ, Ресурстық Жастар орталығы жұмысында жастар мен жастар ұйымдарының басшыларының біліктілігін көтеру үшін көмек көрсету және оқыту қызметтері қарастырылған.

26.01.2015