A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданы активтерінің отырысы өтті

     2017 жылы 12 сәуірде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жария етілген болатын. Аталған мақалада білімнің салтанат құруы, ұлттық сана, ұлттық бірегейлік және тағы басқа да мәселелер қозғалды.

      2017 жылы 20 сәуірде аталған стратегиялық маңызы бар құжатты талқылау мақсатында  Абай атындағы ҚҰПУ-нің мәжіліс залында Медеу ауданы активтерінің отырысы болып өтті.

       Жиынға Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаев, Қазақстанның Халық әртісі, «Отан» орденінің иегері С.Оразбаев, жазушы, драматург, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері С.Досанов, ҚР Еңбек Ері А.Миразова, М. Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтының директоры У.Қалижанов, аудандағы білім беру мен денсаулықсақтау салалары, аудандық қызмет өкілдері және студент жастар қатысты.

      Отырыс барысында аудан әкімі Ержан Жылқыбаев «Елбасының мақаласында айтылған «Рухани жаңғыру» мәселесі саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды толықтырып қана қоймай, оны іске асырудың темірқазығына айналуы тиіс. Себебі, бұл мақала стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ойтолғам. Бұл мақаланың ерекшелігі сол  - ұлт болып табысқа жетудің жолдарын көрсете отырып, нақты мақсатқа жетуге, кәсібилікті арттырып білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, мәдениетіміз бен ұлттық санамызды заман талабына сай жаңғыртуға шақырады»,-  деп атап көрсетті.

      Сонымен қатар,  Қазақстанның Халық әртісі, «Отан» орденінің иегері С.Оразбаев, жазушы, драматург, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері С.Досанов, ҚР Еңбек Ері А.Миразова, М. Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтының директоры У.Қалижанов және Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, 2 курс студенті Ділдәбек Дидарбектің баяндамасы баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

      Шара соңында барлық жиынға қатысушылар бірауыздан Елбасының идеяларын қолдайтындықтарын жеткізді.


21.04.2017