A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың тұрғындармен қорытынды есептік кездесуі

Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың тұрғындармен қорытынды есептік кездесуі

     2018 жылы 3 ақпанда «Алатау» ықшам ауданында Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың қорытынды есептік кездесуі болып өтті. Кездесуге Алматы қалалық мәслихат депутаты Ә.Ә.Нәбиев, тұрындар, білім беру, денсаулық салалары, қоғамдық ұйымдар, кіші және орта бизнес, ПИК өкілдері, қалалық және аудандық қызметтердің өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

     Аудан басшысы Е.Жылқыбаев «Алатау» ықшам ауданы тұрғындарының алдына ауданның 2017 жылдың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және 2018 жылға арналған жоспарлар, өткен реформаларды жүзеге асыру мақсатындағы міндеттер мен негізгі бағыттар туралы, Елбасының жылсайынғы халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындау барысы туралы баяндама жасады.

    Мұның алдында 28, 29, 30 және 32 округтерде Медеу ауданының әкімі Е.Ж.Жылқыбаевтың есептік кездесулері  өткен болатын. Аудан басшысына тұрғындардан сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға нақты да тұшырымды жауаптар берілді. Көптеген сұрақтарға жауапты тұрғындар сол жерде алды, ал күрделі сұрақтарды шешу үшін әкім өзінің жеке бақылауына алды.

   Кездесулердегі негізгі мәселелер газдандыру, жылу жүйесі, көшені жарықтандыру, жол жөндеу, тұрғын үй мәселелері, сондай-ақ жолдарды қардан тазарту мәселелеріне байланысты болды.

03.02.2018