A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың тұрғындармен кезекті есептік кездесуі

     2017 жылы 16 ақпанда «Алатау» ықшам ауданында Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың қорытынды есептік кездесуі болып өтті. Кездесуге Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ә.Нәбиев, қалалық және аудандық қызметтердің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, тұрғындар, білім беру, денсаулық сақтау салалары және қоғамдық ұйымдар қатысты. 

     Аудан басшысы Е.Жылқыбаев «Алатау» ықшам ауданы тұрғындарының алдына ауданның 2016 жылдың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және 2017 жылға арналған жоспарлар, өткен реформаларды жүзеге асыру мақсатындағы міндеттер мен негізгі бағыттар туралы және де Елбасының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындау барысы туралы баяндама жасады.

        Кездесудегі негізгі мәселелер жол жөндеу, тұрғын үй мәселелері, ықшам аудандағы көше жарықтары, аулалар мен балалар алаңдарын көріктендіру, сондай-ақ қоғамдық көлік кестесі мәселелеріне байланысты болды. 

        Медеу ауданының әкімі Е.Ж.Жылқыбаевқа тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Тұрғындардың көптеген сұрақтарына жауаптар сол жерде берілді, ал күрделі сұрақтарды шешу үшін әкім өзінің жеке бақылауына алды.


16.02.2017