A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ауғанстан: сауда қатынасының жаңа бағыттары» атты көрме-жәрмеңкесі

«Ауғанстан: сауда қатынасының жаңа бағыттары» атты көрме-жәрмеңкесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматыдағы Ауғанстан Ислам Республикасының Бас Консулдығы және USAID, Алматыдағы Ауғанстан Ислам Республикасының Сауда Атташесі, Ауғанстан Ислам Республикасының Сауда және индустрия министрлігінің қолдауымен және Іскер әйелдер Ассоциациясымен (AICI) бірлесіп алғаш рет 2019 жылдың 3-4 тамызында халықаралық «Ауғанстан: сауда қатынасының жаңа бағыттары» атты көрме-жәрмеңкесі өтті.

Көрмеде сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілер ауған халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрпын сипаттайтын қол жұмыс тауарларын көрсетті: киім, мата, сәндік кестеленген аяқ киім, зергерлік бұйымдар, ақ мәрмәрден жасалған бұйымдар (тостағандар, тіреуіштер, плиталар, балясиндер, шағын колонналар), лазурит (құмыралар, тағамдар), кілемдер, шафран, кептірілген жемістер, дәмдеуіштер және т. б.

Көрмені ҚР МОМ директорының орынбасары Ғалия Теміртон ашты. Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі, Ауғанстан істері жөніндегі әкімшінің орынбасарының міндетін атқарушы, Ауғанстан және Пәкістан істері жөніндегі USAID басқармасы құттықтау сөз сөйледі, олар екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту бойынша ынтымақтастықты жемісті дамытуға ықпал ететін осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

04.08.2019