A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Боулинг спорты бойынша мектепаралық біріншілік

     2017 жылы 13-14 сәуірде жастарға салауатты өмір салтын қалыптасыру мен спортты насихаттау мақсатында Медеу ауданы әкім аппараты мен  Қазақстан Боулинг Федерациясы бірлесіп, аудандағы мектеп оқушылары арасында боулинг спорты бойынша Медеу ауданы әкімінің кубогына мектепаралық біріншілік ұйымдастырды. Жарысқа аудандағы 16 мектептен 100-ге жуық оқушы жастар қатысты.

    Ойынның қортындысы бойынша жалпыкомандалық есепте ұлдар арасында 1 орынды №163 мектептің командасы, қыздар арасында №100 мектеп; 2 орынды ұлдар мен қыздар арасында №17 мектеп; 3 орынды ұлдар арасында №52 мектеп және қыздар арасында №28 мектеп командалары жеңіп алды.

    Ұпай жинаудан №17 мектептің оқушылары Балауса Маратова мен Ернияз Талғатұлы жеңімпаз атанды.

   Шара соңында барлық жеңімпаздарға Медеу ауданы әкімінің мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтары тапсырылды.


14.04.2017