A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Ауданда учаскелік полиция инспекторларының атқарған жұмыстары туралы халықпен кездесуі өтуде
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауданда учаскелік полиция инспекторларының атқарған жұмыстары туралы халықпен кездесуі өтуде

Ауданда учаскелік полиция инспекторларының атқарған жұмыстары туралы халықпен кездесуі өтуде 

2016 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, жергілікті полиция қызметі (ары қарай - ЖПҚ) құрылған болатын. ЖПҚ-ның құрылуы әкімшілік полиция жұмысының тиімділігін көтеруге жұмылдырылған.  

Жергілікті полиция қызметі өз жұмысында жергілікті өкілдік және атқарушы органдармен есеп беруге, ал полицияның учаскелік инспекторлары – жергілікті бірлесетін болады.

         Осыған байланысты, 2016 жылдың басынан Медеу ауданы Ішкі істер басқармасының ЖПҚ бөлімімен бірге Медеу ауданы әкімінің учаскелік инспекторлардың тұрғындармен атқарған жұмыстары туралы жиын өткізу кестесі бекітілді.

         Кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың ІІІ тоқсаны үшін 10 шілде мен 25 шілде аралығында Медеу ауданы әкім аппараты қызметкерлерінің қатысуымен полицияның учаскелік инспекторларының тұрғындармен 8 кездесуі өткізілді. Халықпен жиын кезінде аудан тұрғындарынан әр түрлі мәселелер бойынша өтініштер мен ұсыныстар түсті.

         Тұрғындардың өтініштерін тыңдай отырып, оларға қауіпсіздікке, құқықбұзушылықтың алдын алуға қатысты сұрақтардың барлығына жауаптар беріліп, азаматтардың міндеттері мен құқықтары түсіндірілді.

         ІІБ ЖПҚ бөлімінің учаскелік инспекторларының халықпен кездесуі кестеге сәйкес жыл бойына өтетін болады. Сондықтан да жұмыстардың айқындығын, қоғамның құқықтық органдарға сенімін арттыру үшін есептік кездесулердің барысы Медеу ауданы әкімі аппаратының бақылауында болады. 

25.07.2016