A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Зорлықсыз отбасы

        2017 жылдың  16 наурызында «Зорлықсыз отбасы» жедел- профилактикалық  іс-шарасын өткізу барысында  Абай атындағы Қазақ  ұлттық  педагогикалық университетінің №1, 2, 3, 5, 8 жатахана студенттерімен  әлеуметтік  тәрбие жұмыстары және   жастар саясатын дамыту  басқармасы Бекбембетова Қ.А., инспектора   Қурманбекова М.Б., Алматы қаласы Медеу ауданы  ІІБ жергілікті полиция қызметі әйелдерді тұрмыстық зорлық- зомбылықтан  қорғау  тобының  инспекторы полиция аға  лейтенанты  Сламджанова  Л.М. қатысуымен  дәріс  өткізілді. 

         Бұл іс шараның негізгі мақсаты - отбасындағы тұрмыстық қатынастар аясында болған  заңсыз  іс-әрекеттерді ескерту, алдын алу, отбасындағы  зорлық- зомбылықты  жасауға бейім  тұлғаларды  анықтау.

          Студенттермен кездесуде қаралған  сұрақтар: «Құқықтық  тәрбие, білім  беру  мекемелерінде, қоғамдық орындарда өзін- өзі  ұстау және жастар  арасында  құқық бұзушылықтың  алдын алу».

        Кездесу  барысында әйелдерді зорлық- зомбылықтан  қорғау  тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Л.Сламджанова, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» мақсатында 2017 жылдың 2 айы ішінде әйелдерге қатысты тіркелген қылмыстармен  таныстырып,  оның алдын алуда  заң шеңберінде  жүзеге асатындығын айтты.

         Сонымен қатар, ҚР Заңы  бойынша  зорлық- зомбылықтың  түрлері, қорғау нұсқамасы туралы  түсіндірді. Студенттерге қазіргі  кезде  жастар  арасында  жиі  орын  алып  отырған әкімшілік құқықбұзушылықтарға қысқаша  сипаттама  беріп, олар үшін  жауапкершілікке  тарту шаралары жайлы, сондай-ақ  қоршаған  ортада тазалықты  сақтау  туралы,  қоғамдық  орындарда  шылым  тартуға  тыйым салу, ұрлық,  қарақшылық,  әсіресе  ұялы  телефондарды ұрлау, алаяқтық,  жастар арасында нашақорлық індеті  туралы  ақпараттар  айтылды.

         Іс- шара соңында студенттер өзара  сұрақ- жауаппен алмасып, ҚР тұрмыстық зорлық- зомбылық туралы заңы бойынша буклеттер    таратылды.  

16.03.2017