A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектеп оқушылары арасында суицидтің алдын алу мақсатында өткізілген семинар

Мектеп оқушылары арасында суицидтің алдын алу мақсатында өткізілген семинар

Кәмелетке толмағандардың арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында «Институт равных прав и равных возможностей» Қоғамдық фонды және Медеу ауданы бойынша Алматы қаласы әкімдігіне қарасты кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясымен, сонымен қатар ментальды және психикалық денсаулықты қорғау, жасөспірімдердің арасында дұрыс тамақтануды қалыптастыру мәселелері бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (әрі қарай - ҚДСБ) Медеу ауданы бойынша санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімімен № 35 гимназиясының 8-11 сынып оқушыларына семинар өткізілді.

Семинарда кәмелетке толмағандардың суицидінің алдын алу бойынша «Институт равных прав и равных возможностей» Қоғамдық фондының президенті, балалар психологы М. А. Ускембаева сөз сөйледі. Сөз барысында психолог суицидке жүйке ауруымен ауыратын және стресс жағдайында жүрген, сондай-ақ өздерінің қиын жағдайынан шығатын амалдың жоқтығын сезетін адамдар баратынын атап өтті. Психолог М. А. Ускембаеваның айтуы бойынша суицидтің алдында болатын синдромдарға уақтылы диагностика жүргізудің профилактикалық маңызы өте зор.

Екінші сұрақ бойынша ҚДСБ-ның Медеу ауданы бойынша санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы Т. А. Аханинаға сөз берілді. ҚДСБ-ның өкілі өсіп келе жатқан ұрпақтың психикалық денсаулығын сақтау және қорғау біздің мемлекетіміздің маңызды міндеті екеніне ерекше назар аударды. Сонымен қатар оқушыларға дұрыс тамақтанудың адам ағзасының өсуіне әсері, аурулардың алдын алатыны және өмірді ұзартатыны туралы айрықша баса айтты.

29.10.2018