A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Құқықтық білім беру семинар-отырысы

Құқықтық білім беру семинар-отырысы

2018 жылғы 4 шілдеде Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аппарат қызметкерлері арасында консультативті бағытта құқықтық білім беру семинар-отырысы келесі күн тәртібінде өтті:

1.                Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын түсіндіру (әрі қарай - Заң);

2.                Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша қоғаммен өзара байланыс орнату.

Отырысқа Алматы қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының аға прокуроры - Баймолдаев Мейірбек Ерғалиұлы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілі - Оразов Сайлау Сартайұлы қатысты. Заңды түсіндіру барысында басқарма өкілі аппарат қызметкерлерін қызықтыратын сұрақтарға түсіндермелер берді. Күн тәртібінің екінші сұрағы бойынша Агенттіктің өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді және халықтың құқықтық мәдениетін кішкентай жасынан бастап қалыптастыру туралы ерекше атап өтті. Сонымен қатар, әр мемлекеттік қызметкер заң нормаларын нақты сақтауға, кез келген сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне жол бермеуге міндетті екендігі атап өтілді.

04.07.2018