A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асыруда жаңа талап, жаңа мақсат» атты семинар
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асыруда жаңа талап, жаңа мақсат» атты семинар

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асыруда жаңа талап, жаңа мақсат» атты семинар

       №105 бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асыруда жаңа талап, жаңа мақсат» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Оған аудандық мектепке дейінгі ұйымның бас маманы: Эльмира Ақылбекова және аудандағы мемлекеттік балабақшалардың меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты. Балабақша меңгерушісі Есімбетова Гүлнар ұйымдастырылған семинардың мақсаттары мен міндеттерін таныстырып өтті.

     Семинар барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны мен оқытудың үлгілік бағдарламасы талаптарына сәйкес, өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған переспективалық жоспар апталық циклограмма және әдістемелік кабинетте ұйымдастырылатын жұмыс барысы таныстырылды.

Әдіскер К.Күлпейісова өзінің іс-тәжірбиесінде ұйымдастырған семинар- практикумға тоқталып өтті. Оқыту мен тәрбиелеуде жаңа инновациялық ойын технологияларын пайдаланып, педагогтармен зерттеу, ізденіс жұмыстарын жүргізіп, балалармен тірі және өлі табиғатқа бақылаулар мен тәжірбие жұмыстарын жасағандарын айтты.

Нәтижесінде, біз зерттеу қызметі кезінде балалардың белсенді және енжар сөздік қорларын толықтырамыз. Сонымен қатар балалар тәжірбие жұмысында бірнеше тұжырым жасауды үйренеді. Бала тәжірбие жасаудың көмегімен жеңіл түсінеді және қоршаған әлемде заңдылық байланыс орнатады. Қортындылай келе зерттеу әдісі арқылы оң нетижеге қол жеткізуге болатынын білді.

Семинар соңында әдістемелік кабинетте жүргізілетін нормативті құжаттармен танысу көрмесі ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылылар жақсы әсермен қайтты.


26.12.2017