A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«СПОРТ-денсаулық кепілі» атты отбасылық спорттық сайысы

«СПОРТ-денсаулық кепілі» атты отбасылық спорттық сайысы

2018 жылдың 26 сәуірінде «Мемлекеттік қуыршақ таетры» ғимаратында, Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің психоневрологиялық ауытқулары бар және 18 жастан асқан мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін №2 бөлімшесі және Медеу аудандық мүгедектер ерікті қоғамының ұйымдастыруымен «СПОРТ-денсаулық кепілі» атты отбасылық спорттық сайысы өткізілді.  Сайысқа бөлімшеде тіркеуде тұрған ерекше балалар және олардың ата-аналары қатысты.

Сайыс балалардың қабілетіне, денсаулығына, диагнозына, жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлінді, олар: «Жас Ұлан», «Жас Тұлпар» және «Жас Сұңқар». Топтардағы балалар әр түсті киімдермен, эмблемалармен ерекшеленді. Спорттық сайыс белгіленген жүйеге сәйкес, бірнеше турға бөлінді және балалар мен ата-аналар әр турда өздерінің қабілеті мен мүмкіндіктеріне қарай өз өнерлерін көрсетті. Алдын-ала сайланған әділ қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, өз дәрежесінде ұпай сандарымен бағалап отырды.


Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: Ерекше балаларды қоғамға кіріктіру, даму ерекшеліктеріне, қабілетіне, денсаулығындағы ақаулығына қарамастан қоғамда өздерінің орны бар екендігін дәлелдеу. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Осы бағытты алға ұстай отырып, балаларымыздың жетістікке жетуіне шамамыз келгенше үлес қосудамыз.


Ойын кезінде балалар мен ата-аналардың көңілдерінің көтеріңкі, ойынға деген қызығушылығы, өздеріне деген сенімділігіне куә болдық. Жарыс барысында бір-біріне деген жылылық, ілтипат, балалар мен ата-аналар, әлеуметтік мамандардың бір-бірімен тығыз байланыста екендігі тағы бір рет дәлелденді. Осындай бір-біріне деген жылулықтың арқасында жарыс өз деңгейінде өтті. Балалар өз  қабілеттері мен көрсеткен жетістіктеріне қарай, жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, мақтау қағазымен және төс белгілерімен марапатталды.


Өткізілген іс-шараға қатысқан ата-аналар мен балалар тарапынан жақсы лебіздерін білдірді. Сайыс өз деңгейінде өтіп, әлеуметтік қызметкерлердің еңбектерінің нәтижесі бағаланды.

Рухани жаңғыру– адамдарды рухани тұрғыдан дамыта отырып, заман талабына сай: білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде басты құндылық болып табылады.

26.04.2018