2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Үш тұғырлы тіл - уақыт талабы
Медеу ауданы әкімінің аппараты жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсету, сондай-ақ үш тілділік мемлекеттік саясатты насихаттау мақсатында “Тілдарын-2014” аудандық байқауын ұйымдастыруда. Жастардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруін ынталандыру үшін ұйымдастырылып отырған байқауға мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері, орта білім беру мектептердің оқушылары, сондай-ақ орта арнайы және жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілуде. Атап айтсақ, 18-ден 25 жасқа дейінгі жастар арасында ұйымдастырылған “Тілдарын-2014” байқауы 2014 жылдың 21 қараша күні Халықаралық бизнес университетінде өткізілген болса, ал 12-ден 17 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасындағы байқау №163 мектеп-лицей қабырғасында болып өтті. Тартысқа толы өткен байқауда жеңімпаз атанған дарынды жастарға Медеу ауданы әкімінің тиісті дәрежедегі дипломдары мен естелік сыйлықтар табысталды. Бүгінгі таңда, аталған байқау өз жалғасын табуда және ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні № 156 бөбекжай-балабақшасында аудандық мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері жеңілдетілген ереже бойынша өзара сынға түсетін болады. Іс-шара қорытындысына сәйкес әр санат бойынша 1,2,3 орынды иеленген жеңімпаздар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін мерекелік іс-шара аясында Медеу ауданы әкімінің арнайы грамоталары мен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
24.11.2014