A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Тіл парасат» аудандық байқауы

«Тіл парасат» аудандық байқауы

         2017 жылы 14 қарашада Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудың аясында  Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназиясында аудандық «Тіл парасат» байқауын өткізді.Байқауға мемлекеттік тілді еркін меңгерген 17-22 жас аралығындағы этнос жастары қатысты.

Байқаудың мақсаты: жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсету.

Байқау төмендегідей 4 кезең бойынша өткізілді: ұсынылған тақырып бойынша дайындықсыз ауызша тұсаукесер жасау; берілген тақырып бойынша эссе; таңдап алынған билеті бойынша жұппен ауызша диалог құру; «Шабыт жұлдызы» қазақша ән орындау, би, күй немесе көркем шығармадан үзінді оқу.

Байқауды қорытындылай келе барлық этаптар бойынша жеңімпаздар анықталды, олар: колледж студенті Исмайлов Хуршед 1 орын, Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Абдушакиров Азиз 2 орынды иеленді, №28 мектептің оқушысы Мекерова Анжелика 3 орынға қол жеткізді. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға сыйлықтар мен мақтау қағаздары тапсырылды.




14.11.2017