A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудандағы қызмет басшыларымен кеңейтілген отырыс

Аудандағы қызмет басшыларымен кеңейтілген отырыс

2018 жылы 30 қаңтарда Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың аудандағы қызмет басшыларымен атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңейтілген отырысы болып өтті.

Отырыс барысында аудандық қызметтердің, оның ішінде: Медеу аудандық Білім беру бөлімі, Жергілікті полиция қызметі, Төтенше жағдайлар бөлімі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының 2017 жылғы атқарған жұмыстарының қортындысы тыңдалды.

Кеңес аясында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Б.Наурызбеков инвестицияға тарту және жобалар жөнінде жұмыстарын қорытындылап айта келе, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру және 2018 жылдың басымдылық бағыттары туралы да тоқталды.

Сонымен қатар, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Майлыбаев та әлеуметтік-идеологиялық блогтың жұмыстарының 2017 жылғы қорытындысы мен халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндай келіп, 2018 жылға арналған міндеттер бойынша да айтып өтті.

Кеңес соңында Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев отырысты қорытындылай келе барлық қызметтер мен аудан әкімінің аппаратына 2018 жылы жұмыстың сапасы мен нәтижесін жақсарту қажеттілігі бойынша жұмыстарына ескертулер айта келіп, аудандағы барлық қызметтердің жұмысына алғыс білдірді.

30.01.2018