A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кітапханадағы түн» өтеді

«Кітапханадағы түн» өтеді

13 қазан, жұма күні  сағат 19.00-де, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің С.Бегалин атындағы Орталық Қалалық Балалар кітапханасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында  кезекті он екінші «Көненің көзінен болашаққа » тақырыбында «Кітапханадағы түн»  өтеді.    Балалар кітапханасы,белсенді оқырмандар мен  шығармашылық байқаулардың  жеңімпаздары үшін  Дәстүрлі он екінші түнгі кітапхана саяхатын өткізуде.   

Өткен жылдары  оқырмандар, «Түнгі экспресс», әдеби шығармалардағы детективтегі кейіпкерлер бойынша, Бегалин авияжолындағы «Түнгі ұшақ», «Тарих тоғысында» , «Ұлт қазынасын» іздеуде  түнгі саяхаттарға аттанған.

13  қазанда "Рухани жаңғыру" аясында «Көненің көзінен болашаққа » атты  жаңа  түнгі оқиғалы саяхат өтеді . Онда балалар «Сиқырлы  киіз үйде », археологиялық қазбалармен айналысып, еліміздің қалаларына  виртуальды саяхат жасап, ғалым- технологтармен ақылдасып, Сұлтанға қонаққа барып қайтады. Бәрінен қызығы,  балаларды не күтеді, ХҮ ғасырдың  ежелгі жұмбақ ыдысын,  ондағы  «Бабалардың болашақ ұрпаққа қалдырған  жолдауын»   тауып оқи алама...  

«Көненің көзінен болашаққа » атты түнгі кітапхана саяхатынының демеушісі:  Қазақстан Ұлттық Банк  және Хоум Кредит  Банкі.  

10.10.2017