A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан әкімінің аппараты кезекті "Ашық есік күнін" өткізді

Аудан әкімінің аппараты кезекті "Ашық есік күнін" өткізді

      Аудан әкімінің аппараты кезекті "Ашық есік күнін" өткізді. «Аққайың» шипажайының мәжіліс залында «Каменское Плато» ықшам ауданының тұрғындары қалалық және аудандық құрылымдарға тікелей өз сұрақтары мен өтініштерін жолдады.
      Негізгі көтерілген сұрақтар ол, сумен қамту, жол жөндеу, көшелерді кеңейту, жер учаскелерін заңдастыру, жарық мәселесі, аялдама кешендерін орнату, ықшам ауданның санитарлық жағдайы және полиция инспекторы жұмысының әлсіздігі мен пункттердің қажеттілігі. 
      Жергілікті тұрғындар үшін ең маңызды сұрақ – сапалы сумен қамтамасыз ету. Бұл күрделі мәселемен қала әкімі Бақытжан Әбдірұлы танысып, "Шетсіз қала" концепциясы аясында қысқа мерзімде шешуді тапсырды. Жақын арада ол бойынша шешім қабылданып, жүзеге асыруды бастаймыз. 
      Қойылған сұрақтарға түсіндірме беріліп, тиісті жауаптар қайтарылды. Барлық түскен сұрақтар орынға шығып қарасытылып және оларды шешу бойынша шаралар қолданылатын болады. Сонымен қатар, кейбір мәселелерге қатысты жауаптар бүгінгі күні тұрғындармен өте тиімді байланыс құралы болып табылатын әлеуметтік желі арқылы жолданатын болады.




30.07.2019