A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Достық» мейрамханасында жаңа жылдық мерекелік шара өтті

«Достық» мейрамханасында жаңа жылдық мерекелік шара өтті

2018 жылдың 21 желтоқсанында Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға және 18 жастан асқан мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсететін №2 бөлімшесі «Достық» мейрамханасында жаңа жылдық мерекелік шара өткізді. Мерекелік іс-шараны Медеу ауданы әкімінің аппараты, Медеу аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Әлем» жылжымайтын мүлік агенттігі, «Азамат әлеуеті» қоғамдық қоры, «Рахат» АҚ және «Достық» мейрамханасының ұжымы бірлесе отырып ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шараны Медеу ауданының әкімінің орынбасары Майлыбаев Ғани Айдарұлы және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Нұрлыбаев Айдос Асқарұлы ашып, қатысушыларды құттықтады. Сонымен қатар, Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Байқоныс Ержан Ділданұлы мен бөлімше меңгерушісі Шайхова Гүлнара Шайхқызы бөлімшеде қызмет алып жүрген мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналарды алдағы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілектері мен ыстық ықыластарын білдірді.

Мерекелік іс-шара қонағы «Азамат әлеуеті» қоғамдық қорының төрайымы Сейсенова Алмагүл Дәулетқазықызы мүмкіндігі шектеулі балаларға Жаңа жылға жақсы тілектерін айтып, балаларға өз сыйлығын ұсынды.

Мерекелік іс-шара қызықты да көңілді өтіп, ата-аналардың бөлімше ұжымына қиын да қайырымды жұмыстары үшін алғыстарын мен ізгі ниеттерін білдірумен аяқталды. Шара барысында жаңа жылдық шырша жағылып, «Кудесники» аниматорлық ансамблі мерекелік қойылым қойды.


24.12.2018