A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

МӘМК бойынша штаб отырысы өтті

МӘМК бойынша штаб отырысы өтті

2018 жылы 19 ақпанда Медеу ауданы әкімінің аппаратында бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған (Жол картасы) іс-шаралар ұйымдастыру бойынша штабтың отырысы болып өтті. Жиынға штаб мүшелері қатысты.


Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылы 10 қаңтардағы халыққа Жолдауында денсаулық сақтау кезеңмен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМК) жүйесіне өтетін болады және халық, мемлекет және жұмыс берушілерге ортақ жауапкершілік негізделген деп атап өткен болатын.

Аталған жоспардың негізгі мақсаты    өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың кірісін есеке алу, салық төлеу және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне қатысу мәселелерін пысықтау мен түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.


«Бейресми жұмыспен қамтылған, яғни еңбек шартынсыз жұмыс істейтін тұлғалар әлеуметтік сақтандырылмаған, зейнетақы жүйесі мен тисінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жоқ және салық төлемейді.

Жоспарды орындау мақсатында Медеу ауданы әкім аппараты жанынан штаб құрылған болатын. Штаб құрамына аудандық қызметтердің бірінші басшылары кіреді», - деді жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев.

Отырыс соңында барлық басшыларға жұмыстың барысы мен апта сайын атқарылған жұмыстың нәтижесі туралы есеп беріп отыруды тапсырды.

19.02.2018