A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудандық медицина бірлестігінің 2016 жылғы қорытындылары бойынша жиналыс өткізілді

 2017 жылдың 17 наурызында  № 5 қалалық клиникалық ауруханасында Медеу ауданы әкімі Жылқыбаев Ержан Жұматұлының төрағалық етуімен аудандық  медицина бірлестігінің 2016 жылғы қорытындылары бойынша жиналыс өткізілді. Аудандық медициналық мекемелердің 2016 жылғы жетістектері туралы аудандық медицина бірлестігінің бас дәрігері Садықов Болат Нұрмырзаұлы баяндама жасады. Жиналыс барысында № 1 қалалық емхананың, № 2 перзентхананың бас дәрігерлері, № 2 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары сөз сөйледі.

Сондай-ақ жиналыс барысында азаматтарды, әсіресе сырттан келушілер көп қоныстанған «Думан» ықшам ауданындағы тұрғындарды есепке алу және тіркеу мәселесі талқыланды.

Жиналыс соңында медицина бірлестіктерінің 2017 жылға дайындаған жоспарлары ортаға салынды.


17.03.2017