A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мерекелік шара өтті
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мерекелік шара өтті

Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мерекелік шара өтті

Біздің өмір сүруіміздің сапасы, әлеуметтік тұрақтылық, қоғамның молшылығы көп жағдайда әлеуметтік қорғау саласының даму деңгейіне тікелей байланысты. Бұл бағытта түрлі салалық бағдарламалар бойынша кең ауқымдағы жұмыстар жүзеге асырылуда.

10 қазан 2018 жылы Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі қарсаңында Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға және он сегіз жастан асқан мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсететін №2 бөлімшесінде мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Байқоныс Ержан Ділдәнұлы, Медеу ауданы әкімі аппаратының маманы Ахмет Айжан, Т.Рысқұлов атындағы университетінің доценті PhD доктор Әбенова Гүлзада Әбдірахманқызы, Алматы қалалық медициналық сараптау бөлімінің басшысы Құсманова Гүлнар Қадесқызы, Медеу аудандық әкімгершілік қызметкері Оралбекова Айгүл Тұрарқызы, «Шұғыла» қоғамдық қорынан Ерлан мырза және мемлекетттік қызметкерлер және қызмет алушылар мен ата-аналар қонақта болды.

Мерекелік іс- шарада бөлімше мамандары балалардың үйлеріне барып, арнаулы қызмет түрлерін көрсете отырып, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға және он сегіз жастан асқан мүгедектерге арнайы тағайындалған әлеуметтік жәрдемақыларды уақытылы алуына ықпал ететінін, сондай-ақ қызмет алушыларды оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес қажетті құралдармен қамтамасыз етіп, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс жасайтыны айтылды.

Сондай-ақ, әртүрлі мамандардың: логопед, психолог, дефектолог, емдік массаж, еңбек терапиясы және т.б., қызмет түрлері көрсетіліп, ата-аналардың ризашылығына бөленіп жүргендіктері жайында слайд қойылып, бейнебаян арқылы хабардар етті.

Одан әрі кеш қонақтары сөз алып, өз ойларын ортаға салды, пікір алмасты. Кеш қонақтары бөлімшенің жасап жатқан жұмыстарының бір бөлігін айта келе, әлеуметтік саланың әлеуетін арттырып отырған шуақты жандарды төл мерекелерімен құттықтап, айтулы кешті қорытындылады.

10.10.2018