A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Кедергісіз аймақ бойынша жоспарлы іс-шарасы

Кедергісіз аймақ бойынша жоспарлы іс-шарасы

      2017 жылы 8 қыркүйекте Медеу ауданы әкім аппараты құқық қорғау және кірістер басқармасымен, сондай-ақ жұмысшы комиссиясы мүшелерімен бірлесе Родлов көшесі, 6 мекен-жайындағы «Paradise» асханалар желісі мен Қалдаяқов көшесі, 54 мекен-жайындағы «Ақ Сенім» медициналық орталығы бойынша жоспарлы аралау шарасын ұйымдастырды.

Аталған нысандарды аралау барысында «Paradise» асханалар желісінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз аймақтың жоқтығы анықталды, сонымен қатар тақтайшалар мен белгілер орнатылмаған. Нысан басшысына Қазақстан Республикасында 2016-2018 жылдарға мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту мен құқығын қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспары туралы нұсқаулық беріліп, кедергісіз аймақ орнатуға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нысана басшысы анықталған барлық ескертпелерді жоюға уәде етті.

«Ақ Сенім» медициналық орталығы бойынша нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға жарым-жартылай ғана қолжетімді екендігі анықталды. Нысанға кіреберісінде орнатылған кедергісіз аймақ нормаға сай болмай шықты. Комиссия мүшелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулық таратылды.

08.09.2017