A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы

   29 шілде 2019 жылы Медеу ауданының ювеналды полиция бөлімшесі, аудандық білім бөлімі Орталық мәдениет және демалыс саябағында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясымен бірлесе отырып, «Жұмысбастылық» Республикалық акциясы аясында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
    Іс-шараның басты мақсаты - балалар еңбегін қанауды анықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
    Шара барысында заңнамаға сәйкес келісімшартсыз жұмыс істеп жүрген 3 кәмелетке толмағандар анықталды.
     Аталған кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерімен және жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
     Іс-шара жазғы демалыстың соңына дейін жалғасады.

        

29.07.2019