A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Мүмкіндігі шектеулі жандарға «Жұмыспен қамту шексіз» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

2017  жылдың 18 сәуірінде  «Қазақстан» қонақ үйінде Медеу ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға «Жұмыспен қамту шексіз» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Аталмыш іс-шараға ауданымыздың қоғамдық бірлестіктері, кәсіпкерлер, бизнес-құрылым өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында аудан әкімі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы     Назарбаев: «Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсету – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады» - деп, Қазақстан халқына Жолдауында айтып өткен болатын. Сонымен қатар «Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауылшаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Ең бастысы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс» - деп, үкіметке, барлық мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдеріне осы бағытта нақты тапсырма берген.

Іс-шараның негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету және осы бағытқа бүкіл қоғамның, яғни мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің күшін жұмылдыра отырып мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.

Қазіргі уақытта Медеу ауданында 4371 мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Оның ішінде 16 жасқа дейінгілер – 525, 1 және 2 топтағылар – 2690, 3 топтағылар – 1156.

Жыл басынан аудандық жұмыспен қамту орталығының көмегіне      56 мүмкіндігі шектеулі жан жүгініп, оның 33-нің жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді.

Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 4 адам, тұрақты жұмыс орнына – 7 адам, жастар тәжірбиесіне – 1 адам, және қоғамдық жұмыстарға – 21 адам жіберілді.

Аталған жәрмеңкеде 20 шақты мекемеден 40-тан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жәрмеңкеге 27 жұмысқа мұқтаж адам қатыстырылып, оның ішінде 16-сы жұмысқа орналастыру үшін әңгімелесуге шақырылды.


18.04.2017