
«Медеу ауданы нашақорлыққа қарсы» акциясы өтті
Медеу ауданы мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық штабы және «AMANAT КОМЕК» Қоғамдық қоры, сондай-ақ ауданның студенттік жастарымен бірлесе отырып, «Алматы қаласы нашақорлыққа қарсы» жалпы қалалық акциясы шеңберінде Медеу ауданында есірткі және психобелсенді заттарды жүзеге асыратын интернет-ресурстардың сайттарын өшіру бойынша «Медеу ауданы нашақорлыққа қарсы» акциясы өткізілді.
Іс-шараға аудандық штаб мүшелері, Медеу ауданы ПБ, «AMANAT КОМЕК» Қоғамдық қорының өкілдері, Туран, ОАТЭК колледжінің студенттері қатысты.
Шараның мақсаты – жастар мен қоғамды нашақорлыққа қарсы іс-қимылға жұмылдыру, ПБЗ және есірткіні пайдалануды алдын алу.