A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің салтанатты пленумы

2017 жылы 7 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің салтанатты пленумы болып өтті. Пленумға Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаев, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Шайхутдинов, ҚазҰАУ ректоры Т.Есполов, Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Серікбаев, аудандық ардагерлерлер кеңесінің мүшесі, Социалистік Еңбек Ері В.Сидорова және кеңес мүшелері қатысты. Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев жиынның ашылу салтанатымен құттықтады. Сондай-ақ, Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаев ардагерлерді құттықтай отырып, өз сөзінде аудан ардагерлерінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлесі, жастарға патриоттық тәрбие беру, аудандағы барлық қоғамдық-саяси іс-шараларға белсенді қатысып жүргендерін айта келе, алғыс білдірді. Сонымен қатар, ҚазҰАУ ректоры Т.Есполов, Социалистік Еңбек Ері В.Сидорова да сөз алды. Жиын барысында аудан белсенділеріне мақтау қағаздары мен алғыс хаттар тапсырылып, азық-түлік себеттері берілді. Жиын соңында №159 мектеп-гимназияның оқушылары ардагерлерді құттықтап, концерттік бағдарламаларын көрсетті.


z

07.04.2017